Тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару

Тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару

Егер сiз үй иесi болсаңыз, тiркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тiркеуден шығаруға мүмкiндiгiңiз бар. Мұны екi жолмен жасауға болады:⠀

eGov.kz порталы арқылы:⠀

1. eGov.kz порталына кiрiңiз;⠀

2. Iздеу жүйесi арқылы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару" қызметiн табыңыз;⠀

3. Қызметтi онлайн сұраңыз;⠀

4. Мекенжай деректерiн растаңыз;⠀

5. Тiркеуден шығарғыңыз келетiн адамды тiркелгендер тiзiмiнен таңдаңыз;⠀

6. ЭЦҚ көмегiмен өтiнiшке қол қойыңыз;⠀

7. Қызмет нәтижелерi порталдың жеке кабинетiнде көрсетiлетiн болады.⠀⠀

Егер тұрғын үйдiң ортақ иелерi болса, олар сiздiң жеке кабинетiңiздегi әрекеттерiңiздi растау керек;⠀⠀

ХҚО арқылы:⠀

1. ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс берiңiз және белгiленген уақыттан 20 минут бұрын келiңiз;⠀

2. Операторға жазылып берiлетiн адамның ЖСН көрсетiп, қызметке өтiнiш жазыңыз;⠀

3. Бес минуттан кейiн адам тiркеуден шығарылады.⠀⠀

Қызметтi ХҚО арқылы рәсiмдеген кезде, сiз тiркеуден шығарылатын адамның ЖСН бiлуiңiз қажет — оны eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша
баспасөз қызметi