Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округінің Буденное ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы

Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округінің Буденное ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру іс-шаралар жоспары шеңберінде 2021 жылдың 29 сәуірінде Жамбыл ауданы Первомай ауылдық округінің Буденное ауылында «Nur Otan» партиясы Жамбыл аумақтық филиалының төрағасы, аудан әкімі Марат Мәкенұлы Ескендіровтың, Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы Сейілбек Қайыржанұлы Смайыловтың қатысуымен Өрт сөндіру бекеті ашылды.

Бұл өрт сөндіру бекеті ауданда бесінші орында, ол 792 адамнан тұратын 4 елді мекенге қызмет көрсететін болады. Өрт сөндіру бекеттерінің санын арттыру жалғасатын болады, өйткені халықты төтенше жағдайлардан қорғау жергілікті атқарушы органдардың ажырамас міндеті болып табылады.