Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде «Nur Otan» партиясы филиалының мәжіліс залында СҚО Ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастарды талдау және ҚХА-мен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Муканова Бағдад Сарсембаевна, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Әбдіғани Базылханұлы және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының және «Отандастар» қорының басшысы Сүйіндіков Арман Масұғұтұлы этномәдени орталықтардың басшыларымен, құқық қорғау органдарының және жастар ресурстық орталығының өкілдерімен этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында мемлекет жүзеге асырып отырған саясатты құқықтық қамтамасыз етудің негізгі аспектілері түсіндірілді. Іс-шараға 15 адам қатысты.
Іс-шара аяқталғаннан кейін делегация «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша біздің ауданға көшіп келген Айымжан ауылындағы Әуелбековтер отбасына барды.