Жаңа құжаттар мен мемлекеттік нөмірлерді үйге жеткізу солтүстікқазақстандықтар үшін қолжетімді болды

Жаңа құжаттар мен мемлекеттік нөмірлерді үйге жеткізу солтүстікқазақстандықтар үшін қолжетімді болды

ткен жылдың қазан айында egov.kz электрондық үкімет порталында мемлекеттік нөмірлерді және дайын техпаспортты үйге жеткізу бойынша жаңа сервис пайда болды. Енді автокөлікті онлайн қайта тіркеген автокөлік иелері көлік құралын мамандандырылған ХҚО-ға тіркеу туралы куәлік пен нөмірлерді алу үшін бармауларына да болады, оларды өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жеткізеді. Сервисті іске қосқан сәттен бастап 20-дан астам солтүстікқазақстандық egov.kz пайдаланушысы жаңа сервистің жайлылығын бағалай алды.

Жаңа автокөлік иесі онлайн сатып алу мәмілесінен кейін egov.kz порталындағы «Көлік және коммуникация» бөлімінде «МТНБ мен техпаспортты жеткізу» электронды қызметіне тапсырыс беруі тиіс. Бұдан әрі жеке деректерді және көлік туралы мәліметтерді (техпаспорт, МТНБ) толтыру қажет, сондай-ақ ең соңында құжаттар жеткізілуі тиіс мекенжай көрсетілуі қажет. Содан кейін қызмет құнын төлеп, ЭЦҚ көмегімен немесе бір реттік SMS-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу керек). Бұл қызмет мамандандырылған ХҚО бар қалалардың, облыстық және аудандық орталықтардың тұрғындарына қолжетімді. Қызмет құны — 2240 тг.

Айта кету керек, коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық сервистерін жиі пайдалана бастады. Осылайша, жыл басынан бері солтүстікқазақстандықтар egov.kz порталында 2 мыңнан астам автокөлікті онлайн қайта тіркеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі