Жұмыссыз қалғанда төленетiн әлеуметтiк төлемдер

Жұмыссыз қалғанда төленетiн әлеуметтiк төлемдер

Жұмысынан айрылған азаматтарға мемлекет жәрдемақы төлеп, қолдау жасайды.

Бүгiн бiз сiздерге бұл жәрдемақыны қалай рәсiмдеу керектiгiн айтып беремiз.

Мұның 3 жолы бар:

• eGov.kz портал арқылы

қызметтiң атауы — "жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдi тағайындау";

• ХҚО арқылы;

• халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Қажеттi құжаттар:

  • жеке куәлiк;
  • жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама;
  • төлемдер аударылатын банк шотының нөмiрi туралы құжат.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметi