«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың басталуы туралы

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың басталуы туралы

2021 жылдың 26 сәуiрiнен бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсiпкерлiк жүргiзу негiздерiне арналған оқытудың тегiн курстары басталатын болады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тiркелген-тiркелмегенiне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның iшiнде:

  • ауылдық елдi мекендерде, қалаларда, оның iшiнде моно және кiшi қалаларда тұратын адамдар;
  • мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауiпсiздiгiне зиян келтiрмесе;
  • зейнеткерлiк жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;
  • сондай-ақ NEET санатындағы жастар;
  • табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелерi;
  • ауыл шаруашылығы кооперативтерi және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетпеген мүшелерi;
  • қоныс аударушылар және оралмандар.

Оқу мерзiмi 21 күннен аспайды. Оқыту қорытындысы бойынша бағдарлама қатысушыларына сертификат берiледi.

Жоба шеңберiнде оқыту үшiн қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтiнiшпен жүгiнуi тиiс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үмiткердiң мәртебесiн жобаның нысаналы тобына сәйкестiгi расталған жағдайда оқуға жолдама бередi.

Өтiнiш берушi https://atameken.co сайтына электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тiркелу үшiн және одан әру оқыту топтарына қабылдану үшiн оқуға жолдамамен "Атамекен" ӨКП немесе оның аудандық және қалалық филиалдарына кеңес алуға жүгiнедi.

Толық ақпарат алу үшiн Жамбыл ауданының кәсiпкерлердi қолдау орталығына хабарласу қажет:

Дружбы көшесi 1 А, кабинет 13. Тел. 871544-7-90-15