«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Аудан әкімінің сайтындағы «Қызметі», «Мемлекеттік басқару» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінің «Жергілікті атқарушы органдардың жыл сайынғы есептерін жария талқылау» бөлімінде ауылдық округтер әкімдерінің және мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы есептер орналастырылған. (параққа кіру үшін сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl/press/article/details/42875?lang=ru).
Аудан тұрғындарына «Пікірлер» терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыруға мүмкіндік берілді.
Ауданның барлық тұрғындарына жария талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз.
Солтүстік-Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы әкімінің аппараты