
Мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру жөніндегі жедел кеңесте елді мекендерді абаттандыру және әлеуметтік желілердегі жұмыс мәселелері талқыланды.
«Таза Қазақстан» бастамасы басты назарда. Аумақтарды санитарлық тазарту, көгалдандыру, инфрақұрылымды жақсарту және халықты экологиялық бастамаларды іске асыруға тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жауапты орындаушыларға жоспарланған іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі жұмысы туралы ақпарат тыңдалды. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, ашықтық деңгейін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою қажеттілігі атап өтілді.
Соңында ағымдағы ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Барлық тармақтар бойынша шешімдер шығарылды, олардың орындалуы бақылауға алынды.