Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өңірдегі салық төлеушілерді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін салық есептілігін ұсыну тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды.
Есеп берілмесе
Салық есептілігі белгіленген мерзімде ұсынылмаған және салық төлеушіде айналым болмаған жағдайда ақпараттық жүйе нөлдік көрсеткіштермен есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.
Бұл жағдайда айыппұлдар, шоттарды блоктау және басқа да шаралар қолданылмайды.
Табыс болса
Егер салық төлеуші декларацияланбаған кірісті өз бетінше анықтаса және қосымша салық декларациясын тапсырса, ешқандай жауапкершілік туындамайды.
Алайда, кірістерді мемлекеттік кірістер органдары анықтаса, заңға сәйкес жауапкершілік шаралары қолданылады.
Деректеріңізді жеке кабинетте тексеріңіз
Назар аударыңыз: ИСӘЖ жеке шотындағы салық төлеушінің профилі, соның ішінде талап етілетін салық есептілігі нысандарының тізімі жаңартылған жағдайда ғана автоматты есеп беру мүмкін болады.
Деректерді алдын ала тексеріп, қажет болса жаңартуды ұсынамыз.
Жеке кабинет ИСӘЖ:
https://cabinet.kgd.gov.kz
Есепті қайтарып алу жойылды
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық есебін алу» қызметі енді қолжетімсіз болады.
Есепті тапсырғаннан кейін қате анықталса, түзетулер тек қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мерзімдерді ұзарту енді қарастырылмаған.
Заң салық декларациясын тапсыру мерзімін ұзарту мүмкіндігін жойды.
Салық төлеушілерден декларацияны дайындауды алдын ала жоспарлап, белгіленген мерзімде тапсыруын сұраймыз.
Нормативтік құқықтық база
Салық есептілігінің нысандары және оларды табыс ету қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.
Консультациялар үшін байланыстар
Сіз барлық сұрақтар бойынша хабарласа аласыз: