Коммуналдық және жол қызметтерінің төмен температура жағдайында жұмысқа дайындығы туралы

Коммуналдық және жол қызметтерінің төмен температура жағдайында жұмысқа дайындығы туралы

Аудан аумағында ауа температурасының болжамды төмендеуіне байланысты коммуналдық және жол қызметтері, авариялық бригадалар мен мамандандырылған техника жоғары дайындық жағдайына келтірілді.

Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ететін қазандықтарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қажетті отын қоры қамтамасыз етілді, инженерлік желілер мен жабдықтардың жұмысына тұрақты бақылау жүргізіледі.

Коммуналдық және жол ұйымдары ауа-райының нашарлауына байланысты болуы мүмкін штаттан тыс жағдайларға жедел ден қоюға дайын. Арнайы техника автомобиль жолдары мен кірме жолдарды тазарту үшін, ал апаттық бригадалар жылу, су және электрмен жабдықтау желілеріндегі ықтимал зақымдарды жою үшін қолданылады.

Ауа райы жағдайлары, қозғалыстың ықтимал шектеулері және қауіпсіздік шаралары туралы халықты уақтылы хабардар ету жүзеге асырылады. Барлық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтауға ерекше назар аударылады.

Аудан әкімдігі жағдайды тұрақты бақылауда ұстауда