Бүгін 28 қарашада өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасының қорытындысы бойынша актив өтті.
Актив отырысына ауданның барлық деңгейдегі ұйымдарының басшылары қатысып, онда ауылды дамытудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттырудың және цифрлық шешімдерді енгізудің негізгі мәселелері талқыланды.
Ауылдық аумақтардың стратегиялық маңыздылығы атап көрсетіліп, әкімдердің басты міндеті-халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Жергілікті басшылардың құзыреттілігіне, ауыл кәсіпкерлігін қолдауға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және цифрлық трансформацияға белсенді қатысуға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша ауданның ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді:
- әкімдіктер жұмысының ашықтығы мен тиімділігін арттыру;
- Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға түгендеу жүргізу;
- кәсіпкерлікті қолдауды күшейту;
- базалық әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- бюджетті тиімді жұмсау және қосымша ресурстарды тарту;
- цифрлық құралдарды енгізу;
- жергілікті инфрақұрылым мәселелерін жеке бақылауда ұстау;
- «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруды жалғастыру.
Актив ауылдық аумақтарды орнықты дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша одан әрі міндеттерді қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды.