
2025 жылғы 20 қарашада Жамбыл ауданында мемлекеттік, құқық қорғау және атқарушы органдар басшыларының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Іс-шара барысында аудан тұрғындарынан 60 өтініш қаралды.
Азаматтар елді мекендерді абаттандыру, автомобиль жолдарын жөндеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ұялы байланыс сапасы, жер қатынастары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік қолдау саласындағы мәселелерді көтерді.
Әрбір өтініш бойынша өтініш берушілерге қажетті түсініктемелер мен кеңестер берілді. Барлық көтерілген мәселелерді әрі қарай қарау және шешу үшін тиісті мемлекеттік органдар бақылауға алды.