Жамбыл ауданы әкімінің 2025 жылдың 17 қыркүйегіндегі өкімімен аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары болып Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев тағайындалды.
1978 жылы 01 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Святодуховка ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Қарағанды қаржы институтын экономист-қаржыгер мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Мемлекеттік қызмет өтілі – 19 жыл 10 ай 20 күн.
Осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.