Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап Жамбыл ауданының аумағында әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыра отырып, тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізіледі.
Іс-шара әскерлерді даярлау және аумақтық қорғаныс іс-шаралары жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында әскери даярлықтың әртүрлі бағыттары бойынша оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін орындауды көздейтін практикалық іс-қимылдар пысықталады.