«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 28 тамызда Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов келді. Іс-шараға облыс прокурорының бірінші орынбасары Саттар Әбу-ата Анарбайұлы, сондай-ақ ауданның атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында аудан аумағында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтарын сақтаудың, құқық бұзушылықтардың алдын алудың, сондай-ақ жүктелген функцияларды орындау шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тұрмыстық қылмыстың алдын алу, халықты құқықтық ағарту және азаматтардың прокуратура органдарына және тұтастай алғанда құқық қорғау жүйесіне деген сенімін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша құқық қолдану практикасының тиімділігін арттыруға, жасалған құқық бұзушылықтар үшін жазаның сөзсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тиісті құрылымдардың басшыларына нақты тапсырмалар берілді.