Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусымда Қ. Жырау атындағы орталық алаңда Жамбыл ауданының әкімі Азамат Бектасовтың қатысуымен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік, Бірлік және патриотизм құндылықтары төңірегінде біріктіретін маңызды күн.

Бұл күні аудан орталығында аудан тұрғындарының қатысуымен Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Өңірдің дамуына үлес қосқан тұрғындарға марапаттар табыстау ерекше сәт болды. Бұл адамдар өздерінің еңбектерімен, белсенді өмірлік ұстанымдарымен және Отанға деген адалдығымен болашақ ұрпаққа үлгі болып, шабыт береді.

Мемлекеттік рәміздер-Ту, Елтаңба және Әнұран-тек мемлекеттілікті ғана емес, біздің басты құндылықтарымызды: бостандықты, тәуелсіздікті, тарихты, ана тілін, мәдениет пен дәстүрді құрметтеуді білдіреді. Оларды құрметтеу-шынайы патриотизмнің көрінісі және біздің ортақ азаматтық борышымыз.