Меню
Страницы

«Еңбек жолы» - 2026 конкурсы

«Еңбек жолы» - 2026 конкурсы

2026 жылғы 1 мамыр мен 01 шілде аралығында «Еңбек Жолы» байқауына қатысуға ниеттенген үміткерлерден өтінімдер қабылдана бастайды.

Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинацияларынан тұрады.

Аталған конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды. Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» ұраны аясында еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурс 2 кезеңде өтеді: «Еңбек жолы» конкурсы жеңімпаздарын облыстық және республикалық деңгейде іріктеу.

Республикалық комиссия жеңімпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша (бірінші, екінші, үшінші орындар) анықтайды. 

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.

  • «Үздік еңбек әулеті» - ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.
  • «Өндірістің үздік жас қызметкері» - өндірістің еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады.
  • «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» - кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең белсенді және тиімді тәлімгер таңдалады.

 «Еңбек Жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарға сәйкес «Еңбек Жолы» облыстық конкурсына қатысу үшін үміткерлерден алынған ресімделген материалдарды «СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-не (Петропавл қ. Абай к., 64) 2026 жылғы 01 шілде күні дейінгі мерзімде  қолма-қол ұсыну қажет. 

Еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлерді сондай-ақ олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты