Меню

Страницы

Статья

Жамбыл ауданының әкімі М. Ескендіровтың халық алдындағы есебі

Құрметті жерлестер!

Бүгін мен өткен жылды қорытындылап, ағымдағы жылға арналған жоспарларды атап өткім келеді. 2020 жыл бұрын белгісіз болған жаңа сын — коронавирус пандемиясына қарсы күреске түскен кезең ретінде есімізде қалатыны сөзсіз. Қатаң карантин, демалыс күндеріндегі локдаундар, блокпосттар, маска режимі — мұның бәрі әдеттегі өмір салтымызды түбегейлі өзгертті.

Аурудың таралуының бас кезінде көптеген сұрақтар мен қиындықтар болғанын жасырмаймын, бірақ біз мұның бәрінен өттік. Барлық күш-жігеріміз бен қабылданған шараларымыз өзінің тиімділігін көрсетіп, ауыр жағдайға жеткізбеді деп бүгін сенімділікпен айта аламын. Өкінішке орай, вирус әлі жеңілген жоқ, пандемия әлі де жалғасуда және бізге босаңсуға әзірге ерте. Сондықтан, барлығымыз денсаулығымыздың қауіпсіздігін ойлауды жалғастырып, барлық ұсыныстарды орындауымыз керек.

Алайда өткен жылы тек қиыншылық қана болған жоқ. Өткен жылы біз Конституцияның 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Сәбит Мұқановтың 120 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларды атап өттік.

Біз бұл жылды да жақсы іс-шарамен бастадық. 10 қаңтарда біздің елде барлық деңгейдегі депутаттардың сайлауы өтті. «Нұр Отан» партиясы сенімді жеңіске жетті. Аудандағы сайлаушылардың 93,8% -ы сайлау учаскелеріне келіп, өз дауыстарын берді. Мен барлық аудан тұрғындарына жоғары азаматтық белсенділіктері үшін алғыс білдіргім келеді. Біздің тұрғындар бұл сайлаудан үлкен үміт күтеді.

Бұл ел басшылығының біздің аймаққа деген назарының нәтижесі. Сайлаушылардың жоғары белсенділігі — бұл аймақтағы соңғы жылдардағы экономикалық және әлеуметтік оң өзгерістердің нәтижесі.

2018 жылы Елбасының бастамасымен қабылданған біздің облыстың кешенді даму жоспары сәтті жүзеге асырылуда. Экономиканың барлық дерлік салалары қамтылды. Әлеуметтік нысандардың, инфрақұрылымның, жолдардың жөндеуі жүргізілді, медициналық ұйымдарға жаңа жабдықтар мен арнайы көліктер сатып алынды, аудандағы мектептердің біразы жөнделді.

Елбасының тапсырмасы бойынша 2018 жылы қабылданған біздің облысты дамытудың Кешенді жоспары табысты іске асырылуда. Экономиканың барлық негізгі салалары назарға алынып қамтылды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен облысты дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспары өзектендіріліп, ұзартылды. Бұл өңірге одан да көп қаражат құйылып, облыс экономикасы қарқынды дамуы үшін қосымша серпін алады деген сөз.

2020 жылдың қорытындылары аудан көрсеткіштерінің өсу қарқыны жаман емес екенін көрсетеді.

Ауыл шаруашылығында өсім 101,6% құрады,өнеркәсіпте — 109,3%, инвестицияда — 108,2%, құрылыста — 108%, тұрғын үйді пайдалануға беруде — 129%.

Осылайша, қиын жағдайларда біз экономиканың өсу қарқынын ұстап қана қоймай, 495 жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз еттік, олардың 93%-ы тұрақты жұмыс орындары.

Экономикалық дамумен қатар қаржылық тұрақтылыққа да қол жеткізілді.

Салық түсімдерінің өсуі 0,6%-ға қамтамасыз етілді (2019 жылы — 452,4 млн. теңге, 2020 жылы — 454,9 млн. теңге). Жоспардан тыс 43,4 млн. теңге түсті, бұл пандемия айтарлықтай әсер еткен, көптеген салық ставкалары төмендеген жағдайдағы көрсеткіш.

Бұл ретте жергілікті бюджетке жеке кірістер 11,2%-ға — 575,1 млн. теңгеге дейін өсті.

Мұның барлығы, 2019 жылмен салыстырғанда, шығыстар бойынша ауданның нақтыланған бюджетін 42,3%-ға — 5,2-ден 7,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

2021 жылға бекітілген аудандық бюджет 5,5 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің азаюы білім беруді қаржыландырудың облыстық бюджетке ауысуына байланысты болды.

Енді экономиканың нақты секторы жұмысының нәтижелеріне толығырақ тоқталып, оның даму перспективаларын айқындауды ұсынамын.

Ауыл шаруашылығы бұрынғысынша өңір экономикасының драйвері болып қала береді және ауданның негізгі саласы болып табылады. Аграрлық сала тұрақты өсуді көрсетіп отыр.

2020 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 48 млрд. теңгеге өндірілді, бұл 2019 жылдың деңгейінен 11 млрд. теңгеге артық (2019 жылы — 37 млрд. теңге). Салада ауданның экономикалық белсенді халқының 45,6% жұмыс істейді.

Жыл сайын біздің аграршылар қарқынды шаруашылық жүргізу әдістеріне көшуде.

Мен бұл ойымды нақты сандармен дәлелдегім келеді.

Біріншіден, біздің диқандар тағы да минералды тыңайтқыштарды көбірек жерге сіңірді. Өткен жылы 16,3 мың тонна тыңайтқыш сіңірілді, бұл 2019 жылдың деңгейінен 20,7%-ға артық, жалпы алаңы 200 мың га.

Екіншіден, техникалық қайта жарақтандырудың өсу үрдісі сақталуда.

Жыл сайын біз жаңа техниканы сатып аламыз, 2019 жылы техниканы 2,8 млрд.теңгеге, өткен жылы 3,4 млрд. теңгеге сатып алдық.

2020 жылы егіс алаңы 303,6 мың га құрады, бұл 2019 жылғы деңгейге қарағанда 104,7%-ды құрады.

2020 жылы ауыл шаруашылығы айналымына жалпы ауданы — 7 363 га жер тартылды, олардың ішінде жыртпа — 2 400 га, жайылым — 4 189 га.

Сорт алмастыруды қамтамасыз ету үшін 2138 тонна элиталық тұқым себілді. Ұсынылған көрсеткішті 9,5% орындау үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 2021 жылы 3181 тонна элиталық тұқым себу талап етіледі, осы бағыттағы жұмыс басталды.

Ауданда ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің, оның ішінде ірі қара мал басы 4,8%-ға (22,7 мың бас), қой мен ешкі басы 7,3%-ға (31,3 мың бас) артты.), жылқы 2,7%-ға (7,4 мың бас), шошқа 1,0%-ға (7,5 мың бас), құс 0,4%-ға (103,1 мың бас).

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданда: ет — 6,3 мың тонна немесе өткен жылдың деңгейіне 106,4%, сүт — 34,3 мың тонна (103,6%), жұмыртқа — 10,7 млн.дана (100,3%) өндірілді.

2021 жылға арналған жоспарлар:

  • Айымжан ауылында «Жөкей Агро» ЖШС 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу
  • Орталық ауылында «Қайнарбек Ата» ЖШС 1000 басқа арналған бордақылау алаңын салу
  • Қарағаш ауылында «Атамекен Агро» ЖШС 780 басқа асыл тұқымды репродуктор ашу.

Шағын және орта бизнес.

Тіркелген 864 кәсіпкерлік субьектілерінің 841-і жұмыс істеп тұр, оның 481-і жеке кәсіпкерлер.

Тіркелген кәсіпкерлердің жалпы санынан жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі — 97,3% құрады, орташа облыстық көрсеткіш — 87,8%

«Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде Аграрлық-кредиттік корпорация 247,5 млн. теңге сомасына 5 жобаны қаржыландырды. Бағдарлама қатысушылары «Алисарай» ЖК, «Жөкей Агро» ЖШС, «Алма» ф/қ, «Ақниет Агро» ЖШС және «Далакян» ш/қ болды. Жобалар жаңа техника сатып алуға, майлы дақылдар тұқымын өсіруге және жылқы сатып алуға бағытталған. «Бизнестің жол картасы-2025» аясында «Коробов Артем» ЖК қолдау тапты, Пресновка ауылында

балық ыстау цехын ашу бойынша жоба іске асырылуда, грант сомасы — 5 млн. теңге.

Благовещенка ауылында «Династия Агро» ЖШС майлы дақылдар тұқымдарын қайта өңдеу цехын кеңейту бойынша жоба іске асырылды. 2021 жылы кәсіпорын өсімдік рапс, күнбағыс және зығыр майы өндірісін жылына 3 мың тонна майға дейін арттыруды жоспарлап отыр. «Жамбыл Агро Инвест» кредиттік серіктестігі ауданның кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға 486 млн. теңге сомасына 13 кредит берді.

Өнеркәсіп.

2020 жылы ауданның өнеркәсіп секторы 2 млрд.теңге сомасына өнім өндірді, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер көрсетті, 2019 жылдың деңгейіне қарағанда өсу серпіні 9,3% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 1,9 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, мал шаруашылығы үшін азық-түлік және жемшөп өндірісінің оң өсімі байқалады.

Ауданда өнім өндіру және өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер көлемінің төмендеуіне жол берілген жоқ.

2020 жылы аудан экономикасына инвестиция көлемі 8,5 млрд. теңгені құрады (2019 ж. — 7,9 млрд. тг), өсім динамикасы 8,2% құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар 7,5 млрд.теңге.

2020 жылы әлеуметтік сала объектілерін күрделі салуға, ғимараттарын жөндеуге бюджеттік инвестициялар 5 есеге ұлғайды және 1 млрд.теңгеден асты.

Автомобиль жолдары

Ауданның автомобиль жолдарын жөндеуге қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 2,4 млрд.теңгені құрады. Бұл аудан аумағындағы автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 67%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді (облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 612 км, оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың ұзындығы — 361 км).

2020 жылы:

  • Республикалық маңызы бар 34 км жолға (1,3 млрд. теңге)
  • Облыстық маңызы бар 55 км жолға (937 млн. теңге)
  • ұзындығы 12,5 км Казанка ауылына кіреберіс автожолына орташа жөндеу жүргізілді.

Жалпы сметалық құны 2,8 млрд. теңгені құрайтын аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге 6 СЖҚ әзірленді.

  1. Железное — облыс шекарасы (35 км) автожолын орташа жөндеу, жалпы сметалық құны — 509 млн. теңге;
  2. Пресноредуть а. кіре берісін орташа жөндеу (12 км), жалпы сметалық құны — 206 млн. теңге
  3. Петровка — Бауман автожолының учаскесін орташа жөндеу (0-ден 11 км дейін), жалпы сметалық құны — 511 млн. теңге.
  4. Буденное ауылына кіреберісті орташа жөндеу (8км), жалпы сметалық құны — 428 млн. теңге.
  5. «Петровка — Бауман» автожолын орташа жөндеу (30-дан 65 км-ге дейін), жалпы сметалық құны — 895 млн теңге.
  6. Майбалық ауылына кіреберісті орташа жөндеу (12 км), жалпы сметалық құны 252 млн. теңге.

Новорыбинка — Мирное — Айымжан автожолын орташа жөндеуге СЖҚ әзірленуде.

Кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді:

  • Благовещенка ауылындағы жалпы ұзындығы 10,2 км 10 көшеге жалпы сомасы — 77 млн. теңге
  • Пресновка ауылындағы жалпы ұзындығы 4 км 3 көшеге жалпы сомасы- 102 млн. теңге.

2021 жылға арналған жоспарлар:

  • 140 млн. теңге сомаға — Пресновка ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеу;
  • 10 млн. теңге сомаға — Благовещенка а. кентішілік жолдарды жөндеу;
  • 11,6 млн. теңге сомаға — Қайранкөл ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеу;
  • аудандық маңызы бар жолдарды күтіп-ұстауға 30 млн. теңге бөлінді.

Сумен жабдықтау

Ауданда орталықтандырылған сумен 48 елді мекеннің 35-і немесе 72,9%-ы қамтамасыз етілген, халықтың 85%-ы қамтамасыз етілген.

Есіл топтық су құбырымен — 6 елді мекен.

Шоғырлы ұңғымалы су жинағыштар — 17 елді мекен.

Жергілікті ұңғымалық су жинағыштар — 12 елді мекен.

Тарату желілері: Пресновка ауылы — 18 км, Благовещенка ауылы — 4,7 км, Қайранкөл ауылы — 1,8 км.

32 елді мекенде сумен жабдықтау объектілері «Ауыз су» бағдарламасы бойынша 2001-2012 жылдар кезеңінде салынды, 3 елді мекенде — Украинское, Новое және Есперлі сумен жабдықтау объектілері КСРО кезеңінен бастап салынды және жұмыс істейді. Сумен жабдықтаудың барлық объектілері жұмыс жағдайында.

Преснов топтық су құбырын қайта жаңарту шеңберінде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған ауданның Троицкое, Орталық, Архангелка және Сенжарка 4 елді мекенін сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2020 жылы аудан орталығында су тарату желілері кеңейтілді, Труд көшесі сумен қамтамасыз етілді, Гагарин және Новая көшелеріне қосымша 2 колонка орнатылды.

Троицкое ауылында санация әдісімен сумен жабдықтау жүргізілді. Жалпы сметалық құны 26,8 млн. теңге.

2021 жылға арналған жоспарлар:

  • 7 млн. теңге сомаға Благовещенка ауылындағы су мұнарасын ауыстыру;
  • Преснов топтық су құбырынан Ұзынкөл және Айымжан ауылдарына дейін су бұру құрылысы. Жобаның жалпы құны — 225 млн. теңге.
  • Кладбинка, Сенжарка және Қайранкөл елді мекендеріндегі су тарату желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 30 млн. теңге бөлінді.

Преснов топтық су құбырынан Казанка ауылына дейін су бұруды салуға, Благовещенка жергілікті ұңғымалық су жинағышты қайта жаңартуға және Қарақамыс шоғырлы ұңғымалы су жинағышты Жаңажол ауылына дейін су жинағышты салуға сметалық жобалау құжаттарын әзірлеуге қаражат бөлуге бюджеттік өтінімдер берілді.

Сіздер білесіздер, 2020 жылдың соңында Пресновка ауылын сумен қамтамасыз етуде проблемалар болды-Ұзынкөл ауылынан су құбыры трассасында бірнеше апат және жарамсыздықтар орын алды. Қазіргі уақытта біз осы су құбырын жөндеуге сметалық құжаттаманы дайындаудамыз және осы жылы қаражат табамыз және осы учаскедегі ескі су құбырларын ауыстырамыз деп ойлаймын.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Пресновка ауылында Пресновка топтық су құбырына қосу жоспарлануда. Осы шаралардың барлығы аудан орталығын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Абаттандыру

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ауданда келесі жобалар бойынша жұмыстар жүргізілді:

  • Пресновка ауылының көше жарығын ағымдағы жөндеу. Диммирлеу режимі бар 450 жаңа көше жарықтандыру шамдары орнатылды (200 млн. теңге).
  • Благовещенка а. көше жарығын ағымдағы жөндеу. Диммирлеу режимі бар 272 шам және 63 жарықдиодты шам орнатылды (107,5 млн. теңге).
  • Троицкое ауылында спорт алаңын салу (11 млн. теңге).
  • Благовещенка ауылында тренажерлері бар саябақ салу (8,7 млн. теңге).
  • Пресновка ауылындағы орталық алаңды жайластыру (9 млн. теңге).

2021 жылға арналған жоспарлар:

  • 40 млн. теңге сомаға — ауданның елді мекендеріне көше жарығын орнату;
  • 20 млн. теңге сомаға — Благовещенка а. спорттық-ойын алаңын жайластыру;
  • 16,5 млн. теңге сомаға — жабдығы бар орталық басқару пультін (ТЖ хабарландыру жүйесі) сатып алу;
  • 16 млн. теңге сомаға — Қайранкөл ауылында мәдени-демалыс орталығы үшін жылыту қазандығын сатып алу.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2021 жылға келесі жобаларға 31,1 млн. теңге бөлінді. Ауылдық округтердің өз қаражаты есебінен іске асырылады:

  • 9,5 млн. теңге сомаға — елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру;
  • 11,3 млн. теңге сомаға — кентішілік жолдарды орташа жөндеу;
  • 4,4 млн. теңге сомаға — ҰОС қатысушыларына ескерткіштерді ағымдағы жөндеу;
  • 3,4 млн. теңге сомаға — балалардың аула алаңдарын көркейту;
  • 2,5 млн. теңге сомаға — аумақты абаттандыру.

Желі сигналы әлсіз елді мекендерде ұялы байланысты жақсарту үшін Жамбыл және Жаңажол ауылдарына мұнаралар орнатуға 4 млн. теңге қаржы бөлінді.

Көпфункционалды ойын алаңының құрылысына 21 млн. теңге қаржы бөлінді.

Құрылыс

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Жамбыл ауданында 2020 жылы 44 тұрғын үй сатып алынды (2019 жылы — 17 үй), 2021 жылы 63 тұрғын үй салу жоспарлануда.

2020 жылы Жамбыл ауданында 44 тұрғын үй сатып алынды (2019 жылы — 17 тұрғын үй), 2021 жылы 63 тұрғын үй салу жоспарлануда.

Пресновка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Нысанның жалпы ауданы — 1905 шаршы метр. Кешен бір уақытта 100 адамға дейін, спорттың әр түрлерімен айналысуға мүмкіндік туғызады. Құрылыстың басталуы — 2020 жылғы мамыр, жұмыстың аяқталуы — 2021 жылғы наурыз. Мердігерлік шарт бойынша сома — 284,2 млн. теңге.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Қайранкөл ауылында балабақшаны мәдени-демалыс орталығының ғимараты ретінде қайта жаңарту жүргізілуде. Құрылыстың басталуы — 2020 жылғы мамыр. Жұмыстың аяқталуы — 2021 жылғы наурыз. Шарт бойынша сома — 123,8 млн. теңге.

2021 жылға арналған жоспарлар:

  • Пресновка ауылында құны 100 млн. теңге сомаға жабық мұз айдынын салу;
  • Пресновка ауылында ҚТҚ полигонын салуға ЖСҚ әзірлеу — 6,8 млн. тг.
  • Пресновка а. аудандық қорғаныс бөлімі үшін әкімшілік ғимаратының құрылысына СЖҚ әзірлеу — 5 млн. тг.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жалғасуда.

Аудандық мәдениет үйіне көше сахнасы сатып алынып, орнатылды (676 мың теңге).

Мәдениет үйлерін мәдени-сауықтыру орталықтарына қайта бейіндеу жүргізілді, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Пресновка, Благовещенка, Казанка жәнеЖаңажол ауылдарының мәдениет үйлерінде тренажерлер орнатылды. 2021 жылы облыстық бюджеттен мәдени-сауықтыру орталықтарын жарақтандыруға 4 млн. теңге бөлінді.

«Еңбек» бағдарламасы аясында аудандық мәдениет үйіне 4 млн. теңгеге және Благовещенка МҮ 2,5 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сәбит Мұқанов мұражайына 10,3 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Екатериновка ауылында мәдени-демалыс орталығы ашылды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге бөлінді. (Жылыту жүйесі жөнделді, тамбур орнатылды, 1 қабатқа косметикалық жөндеу жүргізілді, 6 жаңа жұмыс орны құрылды).

223 млн. 615 т.т. аудандық мәдениет үйіне және 58 млн. 480 т.т. аудандық орталық кітапханаға күрделі жөндеудің сметалық-жобалау құжаттамасы дайындалды.

Білім беру

2019 жылмен салыстырғанда білім беру саласын қаржыландыру көлемі 32,8%-ға ұлғайды. 2020 жылы білім беруге арналған шығыстар 4,1 млрд. теңгені құрады.

6 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізілді: екі Благовещенка мектебі, Благовещенка мектеп жанындағы интернаты, Баян, Қайранкөл мектебі және Ғ. Мүсіреповатындағы мектеп.

Сәбит мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы Благовещенка ауылындағы 3 мектеп пен балабақшаны күрделі жөндеуге 4 ЖСҚ дайындалды, жобалар сараптамадан өтуде, білім басқармасына осы жобаларды қаржыландыруға өтінімдер жіберілді.

Балаларды қауіпсіз және жайлы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін екі ГАЗель автокөлігі сатып алынды.

Жалпы сомасы 37,0 млн. теңгеге 16 білім беру ұйымдарында жылыту қазандықтары ауыстырылды.

Благовещенка ауылында биоотынға арналған қазандықтың құрылысы аяқталды, «Агро Профи» ЖШС-нің жеке инвестициялар сомасы 48 млн. теңгені құрады, 5 нысан: екі мектеп, интернат, балабақша және МҮ қосылды.

2021 жылы Буденное және Мирный мектептерінде биоотында тағы 2 қазандықты іске қосу жоспарлануда.

Ауданның барлық мектептері бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Ауданның барлық мектептері видеобақылау жүйесімен және жылы дәретханалармен қамтылған. Ауданның барлық мектептерінде жылыту қазандықтары мектептерден тыс сыртқа шығарылған. Террорлық қатынастарға жататын нысандардың талаптарына сай Пресновка ауылындағы Иван Шухов атындағы мектеп-гимназиясының және «Айнагүл» балабақшасы аумағының қоршауы ауыстырылды.

Пандемия жағдайында мектептердің жұмыс істеуі үшін жалпы сомасы 22,8 млн. теңгеге антисептикалық, дезинфекциялық, жуу құралдары, термометрлер, санитайзерлер, кварц шамдары, маскалар сатып алынды.

Оқушылардың компьютерлік техникаға деген сұранысын қамтамасыз ету үшін республикадан 137 дербес компьютер, 183 планшет, 188 ноутбук алынды. Жергілікті бюджеттен 28,1 млн. теңгеге 133 ноутбук сатып алынды. Оқушыларға уақытша пайдалануға барлығы 408 дана компьютерлік техника берілді.

Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға 2021 жылы мектеп жиһазы мен спорт құрал-жабдықтарын сатып алуға қаражат бөлінді.

Білім беру жүйесінде «Оқитын ел» жобасын іске асыру жоспарлануда, мектеп кітапханаларының әдебиеттерін ағымдағы жөндеу және жаңарту жоспарланған.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2020 жылы барлығы 1345 адам жұмысқа орналастырылды (2019 жылы — 1323 адам).

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және халықтың табысын арттырудың маңызды құралы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы болып табылады. «Бастау-Бизнес» жобасы

бойынша 2020 жылы 53 адам оқып, 123 адам шағын несиелер мен гранттар алды.

Жалпы сомасы 82,9 млн. теңге сомаға 27 кредит берілді.

200 АЕК (51,2 млн. теңге) бойынша 96 грант берілді.

Қоғамдық жұмыстарға 245 адам жіберілді (жоспар 239).

Әлеуметтік жұмыс орындарына 38 адам орналастырылды (жоспар 22).

Жастар практикасына 32 адам жіберілді (жоспар 32).

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 30 адам жіберілді. Оқу аяқталғаннан кейін барлығы жұмысқа орналастырылды.

2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек құрамында 682 адам бар 163 отбасына тағайындалды. Жыл ішінде осы отбасылардың 31 мүшесі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

2021 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға (бюджеттік кредит) 61,3 млн. теңге, көтерме жәрдемақыға 10,2 млн. теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау

Жамбыл аудандық ауруханасында 2020 жылы 38,2 млн. теңгеге инфекциялық бөлімшеге күрделі жөндеу жүргізілді.

Аудандық ауруханаға жалпы сомасы 51,5 млн. теңгеге жаңа жабдықтар сатып алынды (ЭКГ және АД тәуліктік мониторинг кешені (3,9 млн. тенге), дефибриллятор-монитор (1 млн. тенге.), автоматты биохимиялық анализатор (8 млн. тенге), фетальды монитор FC (274 мың тенге), бейнеэндоскопиялық жүйе (10 млн. тенге), жылжымалы рентген аппараты (5 млн. тенге) монитордың 2 бірлігі (2,5 млн. теңге), электрокардиографтың 2 бірлігі (2 млн. теңге), ӨЖЖ аппараттарының 3 бірлігі (18,8 млн. теңге).

2020 жылы аудандық аурухана автобус базасындағы жылжымалы медициналық диагностикалық кешенмен (156,7 млн. теңге) және жедел медициналық жәрдем автокөлігімен қосымша жабдықталған.

Халықтың облыс орталығына шығуын азайту үшін, демалыс күндері аудандық аурухана Петропавл қаласынан кардиолог, невропатолог және эндоскопист дәрігер мамандардың жұмысын ұйымдастырып аудан орталығына келіп тұрғындарды қабылдап отырады.

2021 жылға арналған жоспарлар:

  • 65 млн. теңге сомаға Благовещенка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу;
  • ӨЖЖ аппаратын сатып алу (32,8 млн. теңге);
  • Ультрадыбыстық диагностика жүйесін сатып алу (61,8 млн. теңге)
  • 2 электрокардиограф сатып алу (1,6 млн. теңге).

Құрметті Жамбылдықтар!

Жалпы ауданымыздың даму қорытындысы осындай. Биылғы жылы біздің мақсаттарымыз мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді орындауға бағытталған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және барлық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Жалпы, біз айтарлықтай жұмыс атқардық, сонымен бірге бірінші кезекте халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған әлі де шешілмеген бірқатар мәселелерді шешуге тура келеді. Мен барлық жамбылдықтардың ортақ күш-жігерінің арқасында оларды табысты әрі мерзімінде жүзеге асыра алатынымызға сенімдімін.

Дата публикации
04 марта 2021
Дата обновления
04 марта 2021
Тип

Сейчас читают

29 апреля 2024
Зейнетақыны неліктен уақытылы ресімдеу керек?
29 апреля 2024
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
29 апреля 2024
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылдың 1 сәуіріндегі негізгі көрсеткіштеріне шолу: зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 22,6 % көбейді

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары