Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының көпбалалы Джембаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезеңінде жарқын жеңіске жетіп, жүлделі І орынды иеленді!
Бұл байқау адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін дәріптеуге, сондай-ақ отбасылық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған. Джембаевтар отбасы — ауызбіршіліктің, еңбекқорлықтың және өскелең ұрпаққа лайықты тәлім-тәрбие берудің жарқын үлгісі.