«20 наурыз күні Жамбыл ауылының орталық алаңында Наурыз мейрамына арналған кең көлемді мерекелік шара өтті. Ауыл тұрғындары үшін сән-салтанатпен дастархан жайылып, ұлттық дәстүрге сай спорттық жарыстар ұйымдастырылды: арқан тарту, қаппен күрес, гір көтеру, жілік жару. Жеңімпаздар лайықты сыйлықтарға ие болып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Мерекенің ажарын ауыл өнерпаздарының орындауындағы халық әндері аша түсті. Наурыздың шаттыққа толы рухы алаңды қуаныш пен бірлікке бөлеп, әрбір жүрекке жылылық сыйлады.»