"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ ұжымы Мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері қаралды, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Қатысушылар процестерді цифрландырудың маңыздылығын және қолжетімді сервистер туралы халықтың хабардарлығын арттыру қажеттігін атап өтті.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды