2026 жылғы 27 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарды мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Ашық есік күні барысында округ тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері, оларды көрсету мерзімдері, қажетті құжаттар тізбесі, сондай-ақ «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтерді электронды форматта алу мүмкіндіктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әкімдік аппаратының мамандары азаматтарға жеке кеңестер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді және өтініштерді тапсыру кезінде практикалық көмек көрсетті.
Аталған іс-шара мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесіне азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етті. Барлығы 8 адам қатысты.