Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша WhatsApp мессенджері арқылы интернет-брифинг өткізілді.

Мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша WhatsApp мессенджері арқылы интернет-брифинг өткізілді.

Ауыл тұрғындарымен мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша WhatsApp мессенджері арқылы интернет-брифинг өткізілді. Брифинг барысында Egov.kz порталымен жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізіліп, оған 8 адам қатысты. Қатысушыларға Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері, оларды алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді алу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Интернет-брифинг барысында банктік қарыздар мен микрокредиттерден «Ерікті түрде бас тарту» қызметіне қатысты бір сұрақ қойылып, аталған сұрақ бойынша толық және жан-жақты жауап берілді.