
Мемлекеттік қызметтер саласы бойынша Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, олардың қолжетімділігін арттыру және халықтың цифрлық сауаттылығын дамыту болды.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына электрондық үкімет порталы eGov.kz, E-license платформасы және басқа да онлайн-сервистер арқылы көрсетілетін қызмет түрлері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Акимат қызметкерлері тұрғындарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, қызметтерді алу тәртібін көзбе-көз көрсетті.
Сонымен қатар, «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышында» ЭЦҚ пайдалана отырып қызметтерді рәсімдеу бойынша практикалық көрсетілімдер өткізілді. Қатысушылар көрсетілген қызметтердің сапасына оң бағасын беріп, осындай іс-шараларды жиі өткізуге ниет білдірді. Барлығы 9 адам қатысты.