
2025 жылғы 31 қазанда Пресновка ауылында халық үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге Жамбыл ауылдық округінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, тұрғындарға ірі қара, ұсақ мал және жылқы малдарына арналған азықтық дақылдар (шөп, сабан, жем-шөп қоспалары және т.б.) ұсынылды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын қысқы кезеңге қажетті мал азығымен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушіден тұтынушыға жеткізу. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан оң бағасын алды.