Ауылдық округте табиғатты қорғау мақсатында экологиялық акция ұйымдастырылды. Шараға барлық мекемелердің ұжымдары белсене қатысты. Акция аясында округ аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл бастама ауылды көгалдандыру, экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өткізілді.