Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті аудан тұрғындары, 10 тамыз күні сағат 22.31-де «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қайранкөл (Жамбыл ауданы) станциясына келетінін хабарлаймыз.

Пациенттерді қабылдау 11 тамыз күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.

Дәрігерлер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, консультациялар мен тексерулер жүргізеді.

Пойыз заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған:

  • УДЗ және флюорография аппараттары,
  • шағын операциялық бөлме,
  • зертхана,
  • интернетке қосылуға арналған сымсыз байланыс құралдары.

Халықты қабылдайтын мамандар:

терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР-дәрігер, хирург, уролог, маммолог, педиатр, психолог, сондай-ақ заңгер мен медиатор. Олар тұрғындарға тегін медициналық және құқықтық қызметтер көрсетеді.

Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, әлеуметтік сақтандыру мәртебесіне және тұрғылықты жеріне қарамастан барлық азаматтарды қабылдайды. 18 жасқа дейінгі балалар тек ата-аналарымен бірге қабылданады.      

 Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен іске асырылуда.