91-баптың 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1) кірістер – 172 956 мың теңге:
салық түсімдері – 5 726 мың теңге;
салықтық емес түсімдер –616 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімдері – 166 614 мың теңге;
2) шығындар – 172 956 мың теңге;
3) Таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо — 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу — 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:
Қарыздар түсімі-0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-0 теңге.
Мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген ауыл аумағында орналасқан жеке тұлғалардың дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы:
орналасқан жері-жеке кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор үшін;
тұрғылықты жері-қалған жеке тұлғалар үшін;
ауыл, ауылдық округ аумағындағы осы салыққа салық салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
ауыл аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы;
бірыңғай жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салықтар:
тұрғылықты жері ауыл аумағында орналасқан жеке тұлғалардан;
орналасқан жері олардың құрылтай құжаттарында көрсетілген заңды тұлғалардан ауыл аумағында орналасады.
жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем;
әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ауылдық округ әкімі салатын айыппұлдар;
жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары;
ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен)түсетін кірістер:
ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің)мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен)түсетін басқа да кірістер;
ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
1) Жергілікті атқарушы органдар бойынша мемлекеттік қызметшілердің төменгі санаттарына лауазымдық айлықақыларын арттыруға; 2) "Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға:
Аталған нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицк ауылдық округі әкімінің Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті туралы шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.
Аталған нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Троицк ауылдық округі әкімінің Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті туралы шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.
Жамбыл аудандық мәслихатының төрайымы Л. Топорова