Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Қазақстан халықтарының бірлігі күні
2025 жылдың 1 мамырында Қазақстан халықтарының бірлігі күні аталып өтілді. Аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудан орталығынан келген мекеме ұжымдары ұлттық тағамдармен қатар қазақ, татар, орыс, неміс, украин халықтарының мәдениеті мен ұлттық киімдерін ұсынды.
Аудан әкімі А.Б.Бектесов Преснов ауылының тұрғындары мен қонақтарын мерекелерімен құттықтап, адал еңбегі мен ауданның дамуына қосқан үлесі үшін жерлестерімізді «Үздік» төсбелгілерімен марапаттады, сонымен қатар Қызылжар ауданындағы су тасқынын жоюға белсене атсалысқан азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.
Ресми бөлімнен кейін аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері концерттік нөмірлері мен өз өнерлерімен көпшілікке тамаша көңіл-күй, қуат пен жағымды эмоциялар сыйлады.