
Халық үшін мемлекеттік қызмет ең сұранысқа ие болып табылады. Бүгінде мемлекеттік қызметті электронды форматта алу өзекті. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта ала отырып, сіз ақша қаражаты мен уақытты үнемдейсіз.
Сондай-ақ, "электрондық үкімет" веб-порталымен қатар E-govmobile, Telegram мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік органдардың мамандарымен байланысын тоқтататындықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды.
Неғұрлым талап етілген мемлекеттік қызмет "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" болып табылады", Мемлекеттік қызметті "электрондық үкімет" Веб-порталы арқылы тегін алуға болады www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін келесі құжаттар қажет : *
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш ;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі, оның нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, бюджетке сома төлеу қажет болған жағдайда,
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 13 (он үш) жұмыс күні
Мемлекеттік қызметті онлайн форматта қалай алуға болады :
Егер сізде Интернеттің болмауына байланысты мүмкіндік болмаса, онда Преснов ауылдық округі әкімінің аппаратында "электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділік бұрышы" жабдықталған, халықпен түсіндіру жұмыстары, құқықтық жалпы оқытулар жүргізіледі.
Начало формы
Конец формы
Қажет болған жағдайда әкім аппаратының мамандары аталған мемлекеттік қызметтерді алуға көмек көрсетеді.
Өз уақытыңызды үнемдеңіз -үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алыңыз!!!