2025 жылғы 14 қарашада «Ауыл» партиясының «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС (Ақмола облысы, Шортанды ауданы) базасында ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты.
Семинарда мемлекеттік қолдау, тауарлық несиелеу құралдары арқылы ауыл тұрғындарының іскерлік белсенділігін арттыру тетіктері және ауылда кооперацияны дамыту мүмкіндіктері қаралды.
Ауылдық жерлерде өз ісін ашудың практикалық құралдарына, агробизнесті, отбасылық кәсіпкерлік пен кооперацияны дамытуға ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану арқылы іске асырылған табысты ауылдық жобалардың нақты кейстері ұсынылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу ауылда кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.