Конфессияаралық келісім мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Конфессияаралық келісім мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы

Рухани құндылықтар мен толеранттылықты нығайту аясында ауылдық округ әкімі аппаратының маманы, аудандық АТТ мүшесі жұмыссыз тұрғындар, сондай-ақ жұмыссыз жастар арасында Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық келісім тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің негізі ретінде әртүрлі конфессиялардың өкілдері арасындағы өзара сыйластықтың, бірлік пен келісімнің маңыздылығы туралы айтылды.