Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту

Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту

Соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтықтың ең көп тараған тәсілі интернет-алаяқтық болып қала береді: белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде (Instagram, Telegram, WhatsApp), SMS-хабарламалар арқылы алаяқтық хабарландырулар орналастырылады.

  Порталда алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында egov.kz "банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту" автоматтандырылған мемлекеттік қызметі бар.

 

  Қызметті онлайн қалай алуға болады:

 

  1. Порталғакіріп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасы бойынша өтіңіз. 
  2. Барлықміндетті өрістерді толтырыңыз. 
  3. ЭЦҚөтініміне қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба).
  4. Жекекабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысу қажет.
  5. Қызмет келесіқызметтерді қарастырады:

 

* Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу.

 * Банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды алу.

 

 

Сондай-ақ ешқашан:

 - Рұқсат етілмеген дүкендерден смартфонға қосымшаларды орнатпаңыз;

- Күдікті сілтемелерге өтпеңіз және әрқашан құпиялылық параметрлерін мұқият қадағалаңыз;

 - Антивирустық бағдарламаны жаңартуды ұмытпаңыз, егер Сіздің гаджетіңізге алаяқтық шабуыл жасалса, оларды сәтті блоктайды;

 - Лотерея ұтып алу, кездейсоқ аудару немесе достарыңызға көмектесу болсын, ақшаға қатысты кез келген ұсыныстарды әрқашан сыни тұрғыдан қабылдаңыз;

- Кез-келген ақпаратты екі рет тексеріп, маңызды қаржылық шешімдер қабылдауға ешқашан асықпаңыз.

 

Өзіңізді және ақшаңызды сақтаңыз, жаңа алаяқтық схемалар туралы хабардар болыңыз Fingramota.kz