Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл

Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл
2025 жылдың 17 маусымында Преснов ауылында Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Алаңға киіз үйлер тігіліп, аудан тұрғындары мен қонақтары Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов және Қожаберген жырау сынды белгілі жазушылардың шығармаларымен танысып, мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық ойындарын өткізуге арналған алаңдар ұйымдастырылды.
Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері алаңда мерекелік концерт ұйымдастырса, АМҮ ішінде ақындар «Айтысы» мүшәйрасы өтті.