Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, Орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлерін негізге ала отырып есептелді, 2023-2024 жылдардағы салықтардың есептелген және төленген сомалары, 2025 жылғы бағалау ескерілді.
2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне түсімдердің болжамды көлемі 17 985 мың теңге, 2027 жылға — 21 563 мың теңге, 2028 жылға — 22 911 мың теңге сомасында айқындалды.
2026 жылға ауылдық округ бюджетінен 31 468 мың теңге, 2027 жылы — 30 624 мың теңге, 2028 жылы — 30 117 мың теңге сомасында субвенция түсуі жоспарлануда.
2026 жылға арналған трансферттерді ескере отырып, ауылдық округ бюджетінің жалпы көлемі 80 171 мың теңгені, 2027 жылға —52 336 мың теңгені, 2028 жылға- 53 187 мың теңгені құрайды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
Әкім Пресноредут ауылдық округі СҚО Жамбыл ауданы Кайыров Б. А.