Об утверждении бюджета Пресноредутского сельского округа  Жамбылского района Северо-Казахстанской области на 2026-2028 годы

Об утверждении бюджета Пресноредутского сельского округа   Жамбылского района Северо-Казахстанской области  на 2026-2028 годы

 

 

 

 

 

2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына  сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 80 171  мың теңге:                     

салықтық түсімдер – 17 985  мың теңге;                     

салықтық емес түсімдер – 139  мың теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 62 047 мың теңге;         

2) шығындар – 80 171  мың теңге;  

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

          бюджеттік кредиттер – 0 теңге;       

          бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;             

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:          

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;        

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;       

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен құрастырылады деп белгіленсін:

ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;

ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

 өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірістері келесі салықтық емес түсімдер есебінен құрастырылады деп белгіленсін:

ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдардан;

жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынан;

ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістерден:

 ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістерден;

ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдерден.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округтің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін 31 468 мың теңге сомасында субвенция бюджетте ескерілсін.
  2. 2025жылғаарналғанауылдықокругбюджетіндеоблыстықбюджеттенағымдағынысаналытрансферттердіңтүсімі ескерілсін,оныңішінде:

1) жергілікті атқарушы органдар бойынша мемлекеттік қызметшілердің төменгі санаттарына лауазымдық жалақыларын арттыруға;

2) "Ауыл-ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға:

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылындағы мәдени-демалыс орталығына айналдыра отырып, бұрынғы сауда орталығының ғимаратын күрделі жөндеу;

Облыстық бюджеттен көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресноредут ауылдық округі әкімінің Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті туралы шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.

  1. Осышешім2026жылғы1қаңтарданбастапқолданысқаенгізіледі.

Жамбыл ауданы

мәслихатының төрайымы

 

 

Л. Топорова

Косымша 1

Косымша 2

Косымша 3