Пресс-релиз Жамбыл аудандық мәслихаты шешімінің жобасына Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 30/12 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Пресноредут ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы"шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-1-баптары және 104-бабы 4-тармағының 5-тармақшасы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, "құқықтық актілер туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Пресноредут ауылдық округінің бюджетін нақтылау көздері:

Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту және азайту, аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді ұлғайту.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы
Пресноредуть ауылдық округінің әкімі Б.Кайыров