
Округ тұрғындары, ұйым өкілдері, ардагерлер мен жастар майданда қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, бейбіт өмір мен еркіндік сыйлаған жеңімпаз ұрпаққа зор алғыстарын білдірді.
Ата — бабаларымыздың ерлігі – Отанға деген сүйіспеншіліктің, қайсарлық пен батылдықтың мәңгілік үлгісі болып қала береді. Біз ерлікті ұмытпаймыз. Біз мақтан етеміз.
Жеңіс күні құтты болсын! 9 мамыр – тағзым, тағылым және ұрпақтар сабақтастығының символы.