«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/10 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/10 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/10 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный  ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 61 277 мың теңге:                     

салықтық түсімдер – 7 088 мың теңге;                     

салықтық емес түсімдер – 177 мың теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

арнаулы түсімдер - 0 теңге;

трансферттер түсімдері – 54 012 мың теңге;         

2) шығындар – 62 058,5 мың теңге;  

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;       

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;             

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:          

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;        

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -781,5 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 теңге;       

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  781,5 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 781,5 мың теңге.»;

7-тармақ мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:

«2) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің аппаратының күрделі шығыстарына;

3) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Айымжан ауылындағы сумен жабдықтаудың таратушы желілерін жөндеуге".;

 мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

 «7-1. 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары және 2025 жылы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен ауылдық округ бюджетінің шығыстары осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес көзделсін».

көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

шешім осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім қабылданған кезден бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова