
Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарды мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Интернет — конференция барысында округ тұрғындары мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері, оларды ұсыну мерзімдері, қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ "электрондық үкімет"порталы арқылы электрондық форматта қызметтер алу мүмкіндіктері туралы түсініктемелер алды.
Аталған іс-шараны өткізу мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесіне деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етті.