Пресс-релиз Жамбыл аудандық мәслихаты шешімінің жобасына Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/10 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Мирный ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы"шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Мирный ауылдық округінің бюджетін нақтылау көздері: 2026 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Мирный ауылдық округінің әкімі  А. Кайнетова