Пресс-релиз Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Мирный ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы"шешімінің жобасына

Пресс-релиз  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Мирный ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы"шешімінің жобасына

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, Орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлерін негізге ала отырып есептелді, 2023-2024 жылдардағы салықтардың есептелген және төленген сомалары, 2025 жылғы бағалау ескерілді.

2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне түсімдердің болжамды көлемі 7 265 мың теңге, 2027 жылға — 7 774 мың теңге, 2028 жылға — 8 318 мың теңге сомасында айқындалды.

2026 жылға ауылдық округ бюджетінен 21 831 мың теңге, 2027 жылы — 21 830 мың теңге, 2028 жылы — 22 052 мың теңге сомасында субвенция түсуі жоспарлануда.

2026 жылға арналған трансферттерді ескере отырып, ауылдық округ бюджетінің жалпы көлемі 32 397 мың теңгені, 2027 жылға —29 604 мың теңгені, 2028 жылға- 30 370 мың теңгені құрайды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған. 

Әкім Мирный ауылдық округі СҚО Жамбыл ауданы Кайнетова А.С.