Мирное ауылының шекарасындағы стела жаңартылды

Мирное ауылының шекарасындағы стела жаңартылды

Ауыл аумағын абаттандыру және эстетикалық келбетін сақтау мақсатында Мирное ауылы әкімінің аппаратының қызметкерлері елді мекен кіреберісінде орналасқан стеланы сырлап, жаңарту жұмыстарын жүргізді.

Жұмыстарды жүргізуге "Шатило и К" ЖШС бригадирі жәрдем көрсетті, ол бояу жұмыстарын орындау үшін техника ұсынды, сондай-ақ округ атауы бар маңдайшаны орнатты.

Мұндай іс-шаралар ауылдың ұқыпты әрі көрікті келбетін қалыптастыруға ықпал етеді. Абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.