Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 66 949 мың теңге:
салықтық түсімдер – 9 830 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 270 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 56 849 мың теңге;
2) шығындар – 66 949 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.
ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:
дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;
қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;
ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;
ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;
бірыңғай жер салығынан;
тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан.
ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдардан;
жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынан;
ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістерден:
ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістерден;
ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдерден.
ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақшадан;
жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақыдан.
1) бюджет қаражаты есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға.
Республикалық бюджеттен көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.
1) мал қорымдарын жайластыруға.
Аудандық бюджеттен көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі әкімінің 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтің бюджеті туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы |
|
Л. Топорова |