«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС»

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС»
Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру және цифрлық кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданысын дамыту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС» облыстық байқауын өткізді.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің ресми сайты байқаудың финалдық кезеңіне өтіп, нәтижесінде «Пайдаланушы таңдауы» номинациясына ие болды.
Мемлекеттік органдардың ашық интернет-ресурстары мемлекет пен халық арасындағы диалогтың маңызды құралы болып табылады. Ақпараттың үнемі жаңартылып отыруы, халықпен үздіксіз байланыс орнату және ресурстарды жетілдіру мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, оның халыққа жақын болуын қамтамасыз етеді.
Қолдау білдіріп, сенім артқан барлық пайдаланушыларға алғысымызды білдіреміз!