2025 жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанда Жұмысшы кәсіптері жылы деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға және кадр мәселелерін шешу есебінен ел экономикасын нығайтуға бағытталған. Қайранкөл ауылдық округінің мәдени ұйымдастырушылары алдағы «Еңбек күні» мерекесіне орай егін жинау науқаны жүріп жатқан алқапқа барды. Ауыл шаруашылығындағы көп жылдық еңбегі және өңірдің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін механизатор Александр Юрьевич Бессоновқа сыйлық берілді.
Ауылда еңбек етіп жүргендердің барлығына зор денсаулық, бақ-береке, игілік және барлық бастамаларыңызға табыс тілейміз!