«2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 30/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 30/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 30/3 шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 82 067,9  мың теңге:                     

салықтық түсімдер – 17 900 мың теңге;                     

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 61 167,9 мың теңге;         

2) шығындар – 83 281,8 мың теңге;  

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;       

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;             

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:          

қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;        

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 213,9 мың теңге;       

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 213,9 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 213,9 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л. Топорова