Ауданда құрғақ өсімдіктерді, сабанды және далалық алқаптарды қамтитын өрттердің көбеюіне байланысты, құрғақ шөпті, сабанды, қамысты және басқа да тез тұтанатын қалдықтарды өртеуге қатаң тыйым салынатынын еске саламыз.
Құрғақ өсімдіктерді немесе қалдықтарды рұқсатсыз өртеу өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу болып табылады және адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлері мен ормандарға қауіп төндіреді.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабына сәйкес, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.