2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджеті көрсетілген шешімге тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 59 165 мың теңге:

салықтық түсімдер – 7 540 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 75 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 51 550 мың теңге;

2) шығындар – 59 165 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен құрастырылады деп белгіленсін:

ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығынан;

ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;

ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығынан;

көлік құралдарына салынатын салықтар:

тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығынан;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірістері келесі салықтық емес түсімдер есебінен құрастырылады деп белгіленсін:

ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдардан;

жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдарынан;

ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістерден:

ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістерден;

ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдерден.

  1. Ауылдық округ бюджетінен бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мыналар болып табылады:

ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақшадан;

жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақыдан.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округтің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін 48 628 мың теңге сомасында субвенция бюджетте ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған ауылдық округтің бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін, оның ішінде:

1) жергілікті атқарушы органдар бойынша мемлекеттік қызметшілердің төменгі санаттарына лауазымдық жалақыларын арттыруға.

Облыстық бюджеттен көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округі әкімінің Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округ бюджеті туралы шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.

  1. Осы шешім қабылданған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. 

 Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Л. В. Топорова