Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 30/2 «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы пресс-релиз

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі болып Қазақстан Республикасының кодексінің 94, 96-бабының 1-тармағы және 116-бабының 5-тармағының 2- тармақшасы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы келтірілген, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабы.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Архангелка ауылдық округінің бюджетін нақтылау көздері:

  • 2025 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары;
  • аудандық бюджеттен пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару;
  • аудандық бюджеттен нысаналы трансферттерді ұлғайту.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Архангелка ауылдық округінің әкімі А. Ташенова